“Технологияларды коммерцияландыру  

жөніндегі мамандар”

қоғамдық бірлестігі мүшелерінің 

Құрылтай жиналысының 

хаттамасымен бекітілген 

Желтоқсанның «15» 2015 жыл

 

 

1. Жалпы ережелер, қызметтің мәні мен мақсаттары

1.1. “Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар альянсы” қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі - Бірлестік) бұл, Қазақстан Республикасында технологияларды коммерцияландыру жүйесін дамытуға арналған бірлесе күш салуды шоғырландыру және елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне алып келетін технологияларды коммерцияландырудың сапалы жобалардың ағынын жолға салу мақсатында жеке тұлғалардың, сонымен бірге университеттер және ғылыми ұйымдардың, технобақтардың, бизнес- инкубаторлардың, ғылыми бақтардың, венчурлық қорлардың, технологиялық кәсіпорындар мен мүдделі ұйымдардың жанындағы технологияларды коммерцияландыру кеңселері қызметкерлерінің ерікті бірлестігі болып табылады..

1.2. Бірлестік коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңдарына, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар осы Жарғыға (бұдан әрі - Жарғы) сәйкес жүзеге асырады

1.3. Бірлестік өзінің мүшелері арқылы мемлекеттік және басқа органдарда, сонымен бірге халықаралық ұйымдарда ортақ мүддесіне өкілдік етуге өкілетті.

1.4. Толық атауы:

мемлекеттік (қазақ) тілде – “Технологияларды Коммерцияландыру жөніндегі Мамандар Альянсы” қоғамдық бірлестігі;

орыс тілінде – Общественное объединение “Альянс Профессионалов по Коммерциализации Технологий”

ағылшын тілінде – Public Union “Alliance of Technology Commercialization Professionals”.

1.5. Қысқаша атауы:

мемлекеттік тілде – «ТКМА»;

орыс тілінде – «АПКТ»;

ағылшын тілінде – «ATCP».

1.6. Бірлестік заңды тұлға болып табылады, өзінің оқшауландырылған мүлкі, дербес теңгерімі, өзінің атауы жазылған мөрі, фирмалық бланкілері, қаржылық–кредиттік мекемелерде теңгемен және шетел валютасында есеп айырысу және басқа да шоттары бар.

1.7. Бірлестік мүшелері өзінің дербестігін және құқықтарын сақтайды.

1.8. Бірлестік өз міндеттемелері бойынша оған тиесілі барлық мүлікке жауап береді және өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бірлестіктің міндеттемелері бойынша Мүшелер жауап бермейді.

1.9. Өз міндеттеріне жету үшін, Бірлестік заңды тұлғаларды құра алады немесе басқа заңды тұлғалардың қызметіне қатыса алады.

1.10. Қолданылатын ұғым: технологияларды коммерцияландыру және (немесе) табыс алуға бағытталған, нарыққа жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестерді және қызметтерді ұсыну мақсатындағы ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін, соның ішінде зияткерлік қызмет нәтижелерін, тәжірибеде қолданумен байланысты қызметті коммерцияландыру

1.11. Бірлестік жергілікті қоғамдық бірлестіктің мәртебесін алады және Астана қаласында өз қызметін жүзеге асырады.

1.12. Бірлестіктің орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 6 үй, 55 пәтер.

1.13. Бірлестікті құру мақсаты:

- пұлттық инновациялық экожүйенің дамуын қолдау;

- ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің, технологиялық кәсіпкерліктің және тұтастай инновациялардың нәтижелерін коммерцияландырудың маңыздылығы туралы хабардар болуды арттыру;

- елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне алып келетін технологияларды коммерцияландыру жобаларын қолдау; - инновациялық компанияларға инвестициаларды тартуға ықпал ету;

- инновациялық компанияларға инвестициаларды тартуға ықпал ету;

- трансфер және технологияларды коммерцияландыру бойынша мамандықты кең түрдегі қоғамның мойындауы;

- технологияларды коммерцияландыру жүйесін дамыту бойынша мемлекеттік шараларды әзірлеу және орындауға жәрдемдесу;

- зияткерлік меншік және технологияларды коммерцияландыруды қорғау саласында заңнаманы жетілдіруге ұсыныстар енгізу.

1.14. Бірлестіктің міндеттері:

1.14.1. Инновациялық ортаны дамытудың маңызды факторы ретінде технологияларды коммерцияландырудың мәнін арттыру;

1.14.2. Технологияларды коммерцияландыру маманы мамандығының беделін арттыру;

1.14.3. Зияткерлік меншік және технологияларды коммерцияландыруды қорғау саласында ең үздік тәжірибелерді тарату;

1.14.4. Технологияларды коммерцияландыру мамандары, сонымен қатар технологиялық кәсіпкерлердің, зерттеушілердің, инвесторлардың, өнеркәсіп саласы өкілдерінің және барлық мүдделі тараптар арасында әртүрлі іс-шаралар өткізу арқылы ақпаратты тарату;

1.14.5. Технологияларды коммерцияландыру саласында ұйымдармен, сонымен қатар Университеттік технологиялар менеджерлерінің қауымдастығымен (AUTM), университеттермен,бизнес-инкубаторлармен, технобақтармен және жеке ұйымдармен аймақаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

1.14.6. Технологияларды коммерцияландыруды қолдау және ынталандыру мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, енгізу және дамытуға қатысу;

1.14.7. Бірлестік мүшелерінің қызметіне ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету, сонымен бірге Бірлестік мүшелерінің зияткерлік меншік және

технологияларды коммерцияландыру саласында, отандық және шетелдік мамандарды тарта отырып семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтарын өткізу жолымен біліктілігін арттыру;

1.14.8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа ұйымдарында және халықаралық ұйымдарда Бірлестік мүшелерінің құқықтарын беру және мүдделерін қорғау;

1.14.9. Бірлестік мүшелері ұсынған өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді ілгерілету;

1.14.10. Технологияларды коммерцияландыру жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру және мемлекеттік инновациялық саясатын жетілдіру бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық, ғылым және білім беру бірлестіктерімен өзара әрекеттесу;

1.14.11. Технологияларды коммерцияландыру туралы ақпарат тарату саласында көрмелер, халықаралық және республикалық конференциялар, симпозиумдар ұйымдастыру, жарнамалық-делдалдық және басқа да іс-шаралар өткізу;

1.14.12. Қажетті мамандар мен менеджерлерді іріктеп алу негізінде, сонымен қатар кәсіби кадрларды даярлау және қайта даярлау жолымен Бірлестіктің кадр мәселесін шешуге жәрдемдесу;

1.14.13. Инновациялық шешімдерді енгізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және мемлекеттік кәсіпорындармен, жеке кәсіпорындармен өзара байланысу.

1.15. Бірлестік қызметінің мәні:

1.15.1. Бірлестік мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

1.15.2. Бастамашыл тәртіп және Бірлестіктің басқару, жоспарлау және үйлестіру органдарының тапсырмалары бойынша технологияларды коммерцияландыру жүйесін дамыту саласында нормативтік құжаттарды, қаулыларды және жобаларды дайындау;

1.15.3. Технологияларды коммерцияландыру жобаларын іске асыруға қажетті құжаттаманы әзірлеу және жасауға қатысу;

1.15.4. Бірлестік мүшелерінің технологияларды коммерцияландыру жобасын іске асыруға қолдау көрсетуі және жәрдемдесуі;

1.15.5. Технологияларды коммерцияландыру мамандарын оқыту және біліктілігін арттыру;

1.15.6. Ақпараттық-консультативтік, ғылыми- әдістемелік және баспа жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау.

1.16. Бірлестіктің эмблемасы:

Жарғысының мұқаба бетте көрсетілгендей, Бірлестіктің эмблемасы өсімдік, микросхема және химиялық құрылым қиылысы есебінде күлгін түсте көрінеді.

 

2. Бірлестіктің басқару органдарының құрылымы, құрылу тәртібі және құзыреті

2.1. Бірлестік органдары болып табылатындар:

2.1.1. Бірлестіктің жоғарғы басқару органы – Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысы;

2.1.2. Бірлестіктің қызметін жалпылай басқаруды жүзеге асыратын орган – Бірлестік Кеңесі, Кеңес Төрағасы – Бірлестік Президенті;

2.1.3. Атқарушы орган – Бірлестіктің Атқарушы директоры;

2.1.4. Бақылау органы – Тексеру комиссиясы.

2.2. Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысы

2.2.1. Мүшелердің Жалпы жиналысы Бірлестік қызметінің барлық мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.

2.2.2. Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жататындар:

- Бірлестік Жарғысын бекіту, өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

- Бірлестікті ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату;

- Бірлестіктің баскару органдарының өкілеттіктерін, ұйымдық құрылымын, құру тәртібін анықтау және өкiлеттiгiн тоқтату;

- атқарушы органдардың қаржылық есептілігінің тәртібі мен мерзімін анықтау, сондай-ақ қадағалау органының тексеру және нәтижелерін бекіту тәртібін айқындау;

- Бірлестік Кеңесін сайлау;

- Кеңес Төрағасының – Бірлестік Президентінің, Бірлестіктің Атқарушы директорының есептерін тыңдау;

- тексеру комиссиясын сайлау және оның есептерін тыңдау;

- мүшелердің жалпы жиналысымен бекітілген негіз бойынша Бірлестік мүшелерін Бірлестіктен шығару туралы шешімдерді бекіту;

- заңнамалық актілерінде белгіленгендей Бірлестіктің заңды тұлғаларды құруға немесе қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;

- мүшелердің келісімі бойынша басқа да мәселелер.

2.2.3. Жалпы жиналыс қажеттілік туған жағдайда шақырылады, алайда жылына 1 (бір) реттен сирек емес.

2.2.4. Бірлестіктің 1/3 мүшесінен немесе Бірлестік Кеңесінің 2/3 кем емес құрамының талабы бойынша, және тексеру комиссиясының талабы бойынша Жалпы жиналыстың кезектен тыс отырысы шақырылуы мүмкін. Отырыстың өтетін орны мен уақыты, сонымен бірге күн тәртібі туралы Төраға мүшелерге болжамды отырысқа дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлауы тиіс.

2.2.5. Жалпы жиналыс, егер оның отырысында мүшелердің жалпы санының 2/3 кем емес қатысып отырған жағдайда, шешім қабылдауға құқылы. Жалпы жиналыстың шешімі мүшелердің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тәртібі жалпы жиналыспен белгіленеді.

2.2.6. Өздеріне жүктелген міндеттемелерін орындай алмаған Кеңес Төрағасы - Президент, Кеңес, және Бірлестіктің тексеру комиссиясы, кез келген уақытта Бірлестіктің жалпы жиналысымен қайта сайлануы мүмкін.

2.2.7. Бірлестіктің бірінші мүшелерінің құрылтай жиналысы, оны құру кезінде, Бірлестіктің Жалпы жиналысы болып саналады, онда Бірлестік Кеңесінің мүшелері және Кеңес Төрағасы –Бірлестік Президенті сайланады.

2.3. Бірлестік Кеңесі

2.3.1. Жалпы жиналыс отырыстарының арасындағы кезеңде Бірлестік қызметін жалпы басқаруды Кеңес жүргізеді, ол сонымен бірге Бірлестіктің атқарушы органының қызметін бақылап отырады.

2.3.2. Кеңестің ерекше құзыретіне жататындар:

- Бірлестік қызметінің негізгі бағыттарын белгілеу;

- Бірлестіктің қызмет бағдарламасын және қаржыландыру жоспарын бекіту;

- Кеңес Төрағасының орынбасарларының – Бірлестік қызметінің бағыттары бойынша Вице-президенттерінің санын анықтау және өз құрамынан сайлау;

- Бірлестіктің жаңа мүшелерін қабылдау;

- Атқарушы орган – Бірлестіктің Атқарушы директорын сайлау;

- ішкі нормативтік құжаттарды қабылдау;

- кейін Жалпы жиналыста бекіту үшін мүшелердің мүшелікке кіру, мерзімдік және мақсатты жарналарының көлемін белгілеу;

- тауарларды өткізу, жұмыстарды, қызметтерді көрсетуден, қорларды құру және шығындаудан алынған қаражаттарды үлестіру тәртібін белгілеу;

- Жалпы жиналыс шешімін орындау;

- Жалпы жиналыс мүшелерінің келісімі бойынша басқа да мәселелер.

2.3.3. Кеңес Бірлестік мүшелерінің жалпы жиналысымен 4 (төрт) жыл мерзімге сайланады.

2.3.4. Кеңес мүшелерінің саны 9 (тоғыздан) кем емес және 15 (он бестен) артық емес адамды құрайды. Дауыс беру нәтижесі бойынша Кеңес құрамына университеттер және ғылыми ұйымдардың, технобақтардың, бизнес-инкубаторлардың, ғылыми бақтардың, венчурлық қорлардың, технологиялық кәсіпорындардың, мемлекеттік, мемлекеттік емес, қоғамдық ұйымдардың, технологияларды коммерцияландыру кеңселерінің қызметкерлері, сонымен қатар

Бірлестік мүддесінің саласында белсенді қызметпен айналысатын жеке тұлғалар кіреді.

2.3.5. Кеңестің отырысы қажеттілік туған кезде өткізіледі, бірақ тоқсанына бір реттен сирек емес.

2.3.6. Кеңес оның отырысында 2/3 кем емес мүшесі қатысқан жағдайда құқылы болып саналады. Кеңес шешімдері көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тәртібі Кеңеспен белгіленеді.

2.3.7. Кеңес шешімі, отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерінің көпшілігі қабылдауға қарсы

емес болған жағдайда, сонымен бірге телеконференция арқылы, қабылданған болып саналады. Мүшелердің дауысы тең болған жағдайда, Кеңес Төрағасының – Президенттің дауысы шешуші болып табылады.

2.3.8. Кеңес мүшесінің дауыс құқығын өзге тұлғаға беруге, сонымен бірге Кеңестің басқа мүшесіне беруге тыйым салынады.

2.3.9. Көзбе-көз тәртіпте өткізілген отырыста қабылданған Кеңестің шешімдері, хаттамамен ресімделеді, оған отырыс өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде барлық Кеңес мүшелері қол қояды. Отырыс хаттамасында көрсетіледі:

1) Бірлестіктің толық атауы және орналасқан жері;

2) отырыстың өткізілетін кезі, орны және уақыты;

3) отырысқа қатысып отырған тұлғалардың тізімі;

4) отырыстың күн тәртібі;

5) дауыс беруге қойылған мәселелер және олар бойынша дауыс беру нәтижесі;

6) қабылданған шешімдер.

2.3.10. Кеңес шешімдері сырттай дауыс беру бюллетендерге қол қою арқылы да қабылдануы мүмкін. Сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдау, бюллетендерде белгіленген мерзімде алынған кворум болғанда қабылданған болып саналады. Кеңестің сырттай отырысының шешімі жазбаша түрде хаттама түрінде ресімделіп және Кеңес Төрағасымен – Президентпен қол қойылуы тиіс, және оған дауыс беруге қатысқан Кеңес мүшелерінің қолы қойылған дауыс беру бюллетендері тіркелуі міндетті. Мүшелердің Жалпы жиналысында бекітілген Кеңестің шешімі және/немесе Бірлестіктің ішкі құжаттары бойынша, Кеңестің сырттай отырысы қарастыруға жатпайтын мәселелер тізімі белгіленуі мүмкін.

2.3.11. Бірлестік Кеңесін, төрт жылда бір рет Бірлестіктің Жалпы жиналысымен сайланатын Кеңес Төрағасы – Президент басқарады.

2.4. Кеңес Төрағасы – Бірлестік Президенті

2.4.1. Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысының отырысында төрағалық етеді, отырысты жүргізеді және Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысы отырысының хаттамаларына қол қояды;

2.4.2. Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысының отырысын сырттай тәртіпте өткізу туралы шешім қабылдайды;

2.4.3. Бірлестік қызметкерін немесе Бірлестік мүшесін Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналыс

отырысында төрағалық ету міндетін жүзеге асыруға өкілеттілік береді;

2.4.4. Бірлестіктің бекітілген жобалары мен бағдарламалары және Бірлестік Кеңесінің шешімін

орындау шеңберінде Бірлестіктің ағымдағы қызметін басқарады;

2.4.5. Бірлестік атынан сенімхатсыз әрекет етеді, оның мүддесіне өкілдік етеді;

2.4.6. Атқарушы директорды, бас есепшіні жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

2.4.7. Кеңес Төрағасы – Президент өкілдік міндетті жүзеге асырады, Бірлестіктің мүддесіне Қазақстан Республикасының барлық ұйымдарында және шет елде өкілдік етеді.

2.4.8. Кеңес Төрағасы – Президент Бірлестіктің Жалпы жиналысымен ашық дауыс беру арқылы 4 (төрт) жыл мерзімге сайланады.

2.4.9. Кеңес Төрағасы– Президент, мүшелердің Жалпы жиналысының алдында, жылына 1 (бір) реттен жиі емес, Бірлестік қызметінің нәтижесі туралы есеп береді.

2.4.10. Құрылтай және басқа да құжаттарға қол қою құқығына ие;

2.4.11. Бірлестіктің Жалпы жиналыс отырысында Кеңес Төрағасы – Президент жоқ болған жағдайда, осы отырыста төрағалық ету міндеті Атқарушы директорға немесе сенімхат бойынша өкілетті тұлғаға өтеді.

2.4.12. Кеңес Төрағасы - Президент Кеңестің Жалпы жиналысында бір дауыс құқығына ие.

2.4.13. Кеңес Төрағасы – Президент, Басқарманы жазбаша түрде, 1 (бір) айдан бұрын кешіктірмей ескерте отырып, кезкелген уақытта өз міндеттерін атқарудан бас тартуға құқылы. Кеңес Төрағасы – Президенттің өз міндеттерінен орындаудан бас тартқан жағдайда Кеңес шақырылады, ол Бірлестік мүшелерінің кезекті Жалпы жиналысын өткізгенге дейін, Кеңес Төрағасы – Президенттің міндетін уақытша атқарушыны сайлайды.

2.5. Атқарушы дирекция

2.5.1. Атқарушы дирекция штаттық атқарушы орган болып табылады, ол Бірлестіктің күнделікті іс-әрекетін жүзеге асырады, штаттық кестеге сәйкес еңбек шартында (ЕШ) белгіленген мерзімге тағайындалған жұмысшылардан тұрады.

2.5.2. Атқарушы директор:

- Бірлестіктің атынан сенімхатсыз әрекет етеді және Кеңестің алдында тоқсан сайын есеп береді;

- атқарушы дирекцияның штаттық жұмысшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

- ішкі қызметтің шұғыл іс-әрекеті бойынша бұйрықтар шығарады;

- Кеңес Төрағасы – Бірлестік Президентімен келісе отырып қаржы мәселелерін шешеді;

- Кеңес Төрағасы – Бірлестік Президентімен келісе отырып, банктерде Бірлестіктің есеп айырысу және басқа шоттарын ашады, Бірлестіктің мүлкін және ақшасын басқарады;

- Кеңес Төрағасы – Бірлестік Президентімен келісе отырып, Бірлестіктің атынан келісімшарттарға, шарттарға және келісімдерге отырады;

- Кеңес Төрағасы – Бірлестік Президентімен келісе отырып, атқарушы дирекцияның қызметкерлерінің штаттық кестесін, төлем шарттарын және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

- өзінің құзыретінің шегінде бұйрықтар, өкімдер,

нұсқаулар шығарады, Бірлестіктің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін, Кеңестің және Бірлестіктің Жалпы жиналысының алдында жауап береді.

2.6. Тексеру комиссиясы

2.6.1. Тексеру комиссиясы Бірлестік мүшелерінің жалпы жиналысымен 4 (төрт) жыл мерзімге сайланады.

2.6.2. Тексеру комиссиясы Кеңес Төрағасы –Президенттің, Бірлестік Кеңесінің және Атқарушы директордың қызметін бақылауды жүзеге асырады.

2.6.3. Тексеру комиссиясы жыл сайын 1 (бір) тексеруден кем жүргізбейді және Кеңес Төрағасы – Бірлестік Президентінің жылдық есебі бойынша қорытынды жасайды. Тексеру комиссиясы жыл сайын Бірлестіктің жалпы жиналысының алдында тексеру нәтижелері туралы есеп береді.

2.6.4. Жалпы жиналыстың мүшелерінің немесе Бірлестік Кеңесінің 2/3 мүшелерінің талаптары бойынша кезектен тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.

2.6.5. Тексеру комиссиясы Бірлестіктің лауазымды тұлғаларынан қажетті бухгалтерлік, қаржылық және басқа да құжаттарды, сонымен қатар Бірлестік қызметінің мәселелері бойынша жеке түсініктемелерді талап етуге құқылы.

2.6.6. Бірлестіктің лауазымды тұлғалары тарапынан теріс пайдаланушылықты анықтаған немесе Бірлестік мүшелерінің мүдделеріне қауіп төнген жағдайда, тексеру комиссиясы, Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысының кезектен тыс шақырылуын талап етуге құқылы.

 

3. Бірлестік мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

3.1. Бірлестік мүшелері құқылы:

3.1.1. Жарғыда бекітілген тәртіп бойынша істерді басқаруға қатысуға, сонымен қатар Кеңестің талқылауына Бірлестік қызметінің мәніне қатысты барлық мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

3.1.2. Бірлестіктің қызметі, қаржылық шығындары туралы ақпарат алуға, өзінің бланкілері мен мөрлерінде өзінің Бірлестікке жататындығын көрсетуге;

3.1.3. Бірлестікпен құрылған қорларға салым салуға, Бірлестік жүзеге асырып жатқан жобаларды және бағдарламаларды өзіне тиімді шарттарда қаржыландыруға және кредиттеуге;

3.1.4. Бірінші кезектегі тәртіп бойынша, Бірлестік ұсынып отырған қызметтерді пайдалануға. Сонымен бірге, өтелетін негізде көрсетілетін қызметтерді пайдалану үшін Бірлестік мүшесі шартқа отыруы тиіс.

3.1.5. Бірлестікте бар іскерлік ақпаратты толық көлемде пайдалануға;

3.1.6. Қаржылық жыл аяқталғаннан кейін, өзінің қалауы бойынша Бірлестіктен шығуға. Бұл жағдайда ол Бірлестіктің, шыққан сәттен бастап екі жыл ішіндегі өзінің жарнасына тепе-тең міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.

3.2. Бірлестік мүшелері міндетті:

3.2.1. Осы Жарғының, және Жалпы жиналыспен және Бірлестік Кеңесімен қабылданған (бекітілген)

басқа актілердің талаптарын сақтауға;

3.2.2. Бірлестіктің басқа мүшелерінің мүдделерін сыйлауға, Бірлестіктің мүшелерімен және серіктестерімен жасалған шарттардың, келісім-шарттардың және келісімдердің талаптарын қатаң

түрде сақтауға;

3.2.3. Осы Жарғымен және құрылтай шартымен қарастырылған тәртіпте және мөлшерде салымдар салуға.

3.2.4. Бірлестікке, оның қызметіне байланысты мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты беруге.

3.2.5. Бірлестікке оның қызметін жүргізуде жәрдемдесуге, сонымен қатар Бірлестікке материалды немесе моральдық зиян келтіруі мүмкінкезкелген әрекеттен алшақ болуға.

 

4. Бірлестікке мүшелікке кіру және Бірлестіктеншығудың шарттары мен тәртібі

4.1. Бірлестікке мүшелік ету ерікті түрде болып табылады.

4.2. Бірлестік мүшесі ретінде технологияларды коммерцияландырумен тікелей немесе жанама байланысты қызметті жүзеге асырып отырған жеке және заңды тұлғалар, сонымен бірге Қазақстан

Республикасының резиденті және бейрезиденті болып табылатын, университеттер және ғылыми ұйымдардың, технобақтардың, бизнес-инкубаторлардың, ғылыми бақтардың, тәуекелшіл қорлардың, технологиялық кәсіпорындар мен мүдделі ұйымдардың жанындағы технологияларды коммерцияландыру кеңселерінің қызметкерлері болуы мүмкін.

4.3. Бірлестік мүшелері Жарғының талаптарын сақтауға және Бірлестіктің осы Жарғысымен бекітілген тәртіп бойынша мүшелік жарнаны салуға міндетті. Бірлестікке мүшелікке қабылдау туралы шешім Бірлестік мүшелерінің жалпы жиналысымен қабылданады.

4.4. Жеке және заңды тұлғалар, Бірлестікке кіру туралы белгіленген үлгі бойынша өтінішті бергеннен кейін Бірлестік мүшесі мәртебесіне ие болады, онда өтініш берушінің Жарғының талабын, Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысының шешімін орындауға және мүшелік жарнаны төлеуге келісімін бергені, сонымен қатар Бірлестік Кеңесінің оң шешім қабылдағанынан кейін расталады.

4.5. Бірлестік мүшесі, өзінің қалауы бойынша, қаржылық жыл аяқталғаннан кейін Бірлестік құрамынан шығуға құқылы.

4.6. Мүше Бірлестік құрамынан шыққан жағдайда, оның алдындағы біржолғы және (немесе) мерзімдік салынған жарналары қайтарылмайды.

4.7. Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысында бекітілген негіз бойынша, Бірлестік мүшелері Бірлестік құрамынан ықтиярсыз шығарылуы мүмкін.

 

5. Бірлестік мүлкінің қалыптасу көздері

5.1. Бірлестіктің мүлкін, Бірлестіктің теңгерімдегі және оның меншігі болып табылатын материалды құндылықтар мен қаржылық ресурстар құрайды.

5.2. Мүліктің пайда болу көздері болып табылатындар:

- мүшелердің біржолғы мүшелікке кіру жарналары;

- мүшелердің мерзімдік және мақсатты жарналары;

- мүшелердің ерікті мүліктік жарналары;

- заңнамада белгіленген жағдайларда тауарларды өткізу, жұмысттарды, қызметтерді көрсетуден

түскен түсімдер (табыстар)

- ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттер;

- акциялар, облигациялар, және басқа бағалы қағаздар мен салымдардан (депозиттерден) алынатын дивидендтер (табыстар, сыйақы (мүдде);

- гранттар және ерікті сыйсалымдар;

- демеушілік жарналар.

5.3. Бірлестіктің қызметін жүзеге асыру үшін, Бірлестік мүшелері Бірлестіктің Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, Бірлестіктің әрекет ету мерзіміне тұрақты түрде мүшелік жарнаның түсіп тұруын, ал құрылған сәтте – құрылтайшылық жарналармен қамтамасыз етеді.

5.4. Бірлестіктің мүлкі мыналардың есебінен қалыптасады:

- бірлестікті құрған мүшелер үшін құрылтайшылық жарналар;

- мөлшері Кеңеспен белгіленетін, Бірлестік құрылғаннан кейін кірген мүшелерге мүшелікке кіру жарналары.

5.5. Жыл сайынғы жарна, Бірлестік Кеңесімен бекітілген тәртіп бойынша салынуы тиіс.

5.6. Жыл сайынғы мүшелік жарнаның мөлшерінің және төлем тәртібінің өзгеруі Бірлестік Кеңесімен белгіленеді.

5.7. Бірлестік мүшелерінің жарналары, Бірлестіктің алынған пайдасы, сонымен қатар өз есебінен алынған барлық мүлік Бірлестіктің меншігі болып табылады. Бірлестіктің табыстары мен пайдалары Бірлестік мүшелерінің арасында үлестірілуі мүмкін және жарғылық мақсаттарға бағытталады.

5.8. Тиісті қорларды жұмсаудың құрамы, тағайындалуы, көлемі және пайда болу тәртібі және бағыты Бірлестік Кеңесімен белгіленеді.

5.9. Заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша Бірлестік бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізіп отырады. Лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін, Бірлестік заңнамада белгіленген тәртіп бойынша лицензия алуға міндетті.

 

6. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі

6.1. Осы Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар Бірлестік мүшелерінің 2/3 айқын көпшілік дауысымен Бірлестіктің Жалпы жиналысының шешімі бойынша енгізіле алады.

6.2. Бірлестіктің кезкелген мүшесі Жалпы жиналыстың талқылауына осы Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жасауға құқылы.

 

7. Бірлестіктің қайта құрылуы және қызметін тоқтату тәртібі

7.1. Бірлестікті қайта құру жүзеге асырылады:

- Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысының шешімі бойынша;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа негіздер бойынша.

7.2. Бірлестік, жаңадан пайда болған ұйымның (ұйымдардың) мемлекеттік тіркеуге қойылған сәттен бастап қайта құрылған болып саналады, қайта құрудың бірігуі арқылы қайта құрылғандығын қоспағанда.

Қайта құру кезінде Бірлестік, оған басқа бір ұйымның қосылғаны түрінде, олардың біріншісі заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне бірігіп жатқан ұйымның қызметін тоқтатуы туралы жазбаны енгізген сәттен бастап қайта құрылған болып саналады.  

Қайта құру рәсімі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. 

7.3.    Бірлестік таратылуы мүмкін, шешімі бойынша:

Бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысының;

соттың, банкроттыққа ұшыраған жағдайда, заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін, қызметті жүйелі түрде жүзеге асыруда жаюға келмейтін сипаттағы, заңды тұлғаның тіркеу кезінде оны құру кезінде заң бұзушылыққа жол беруге байланысты жарамсыз деп тапқан жағдайда, қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз), немесе заңнамалық актілер бойынша тыйым салынған әрекеттерді, немесе заңнаманы бірнеше мәрте немесе өрескел бұзған кезде  жүзеге асырғанда, және заңнамалық актілермен қарастырылған басқа да жағдайларды.  

8.4. Бірлестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізген күннен бастап өз қызметін тоқтатқан болып саналады. 

 

8. Бірлестік тараған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі

8.1.    Бірлестіктің мүлкі, ол өз қызметін тоқтатқан жағдайда, бюджетпен, банктермен және басқа кредиторлармен, тарату комиссиясымен есеп айырысқаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында тағайындалып бекітілген тәртіп бойынша Жарғыда қарастырылған мақсатқа бағытталады немесе Бірлестікпен бағыттас мақсатты көздеген коммерциялық емес ұйымдарға беріледі.

 

9. Қорытынды ережелер

9.1 Осы Жарғымен реттелмеген қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.