ҚҰРМЕТТІ САЙТҚА КІРУШІЛЕР!

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАР АЛЬЯНСЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Барлық адамзат тарихы технологиялардың дамуымен тығыз байланысты және қазіргі заманды зияткерлік еңбек өнімдерінсіз елестету мүмкін емес. Инноваторлар әрдайым ілгерілеудің қозғаушы күші және білімдер экономикасының негнізгі элементі болған. Инновациялық жобаларды идеядан нақты өнімге немесе нарықта көрсетілетін қызметке дейін іске асыру процесі кешенді болып табылады және тиісті біліктілікті қажет етеді. Технологияларды Коммерцияландыру жөніндегі Мамандар Альянсы, бұл процесте құзыретті ұйым ретінде, технологиялық брокерлер және технологияларды коммерцияландыруды қолдаумен кәсіби айналысатындардың барлығы үшін алаң болып табылады.

Технологияларды Коммерцияландыру жөніндегі Мамандар Альянсы ҚР БҒМ және Дүниежүзілік Банктің Технологияларды Коммерцияландыру Жобасының шеңберінде құрылған және әртүрлі технологиялар қоржынымен жұмыс істеу процесінде алынған білімдер мен тәжірибені таратуға бағытталған. Күллі Жобаның командасымен 2011-2015 жылдар аралығында шетелдік әріптестермен – Ғылым және Коммерцияландыру жөніндегі Халықаралық Кеңестің мүшелерімен, CRDF Техас Университетінің Global және IC2 Institute компанияларымен бірлесіп, сондай-ақ тікелей жобалау топтарымен жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Қолдау тапқан 65 жобаның ішінде 40-ы сату көлемі 1 миллиард теңгеден асатын нарыққа қол жеткізе алды және технологияларды лицензиялау туралы 10 мәміле жасалды.

2015 жылы Қазақстанда ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы заң қабылданды, ол елде тиімді коммерцияландыру жүйесін құру үшін жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашады. 2016 жылдан бастап Қазақстанда 110 млн. АҚШ долларына Дүниежүзілік Банктің өнімді инновацияларды ынталандыру жөніндегі жобасы іске асырылмақ, соның шеңберінде гранттық қаржыландыру бөлу көзделген. Жалпы, еліміздің тегіс экономикасының игілігі үшін жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті әзірлемелерді енгізу мақсатында бизнес пен ғылымның ынтымақтастығы үшін үлкен мүмкіндіктер бар.

Технологияларды Коммерцияландыру жөніндегі Мамандар Альянсы бизнес пен ғылым өкілдері арасындағы көпір қызметін атқарады және барлық мүдделі тараптарды ынтымақтастыққа шақырады.

ПРЕЗИДЕНТ

ӘБДІЛДА ШАМЕНОВ

Инфу про танки быстрее всего найти здесь, а обзоры по играм - тут