28 шілдеде, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» Қауымдастығының Кеңесінің мүшесі, «Даму» қорының Басқарма Төрағасы Қаныш Тулеушиннің қатысуымен пресс-конференция өтті.

«Болашақ» Қауымдастығының негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жалпы жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады. Қауымдастыңтың қабылданған 2017 жылға дейінгі даму стратегиясында жас бизнесмендердің бастамаларына ерекше назар аударылған. Осы жылы енді ғана істерін бастаған кәсіпкерлер мен жас мамандар үшін, олардың көшбасшылық дағдыларын дамыту және бизнес-әлеуеттерін жүзеге асыру мақсаттарында бірқатар ірі жобалар қолға алынатын болады

Ережеге сәйкес, байқауға Қазақстанның әр түкпірінен жасы 18-ден 29-ға дейінгі  жастар қатыса алады.

Стартап жобаларының байқауы I-орын үшін – 7 млн теңге, II-орын үшін – 6 млн теңге және ІІІ-орын үшін 5 млн теңге көлемінде берілетін «Болашақ» Қауымдастығының 3 грантын көздейді, сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы «жасыл экономика» саласындағы стартаптарды іске асыру үшін бөлген қаржысы аясында 15 млн теңге грант береді.

Бұдан басқа, ең қызық идеялардың авторлары инвесторлардан инвестиция және «Даму» қорынан қолдау ала алатын болады.

Байқауға қатысуға арналған өтінімдер 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қабылданады. «Даму» қорының барлық өңірлерде кәсіпкерлер үшін ашылған қызмет көрсету орталықтары құжаттарды қабылдайды (төменде қараңыз).

Жеңімпаздардың аттары қарашаның 26 күні өтетін Бизнес-жоспарлар марафонында аңықталатын болады. 

«Startup «Bolashak» байқауы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде байқау комиссиясының мүшелері 20 ең қызықты бизнес-жобасын таңдап алады. Идеялардың авторлары өздерінің кәсіпкерлік құзыретін арттыруына бағытталған оқыту бизнес-тренингтерден өтеді.

Екінші кезеңде 10 үздік жобаға бизнес-жоспарын әзірлеуге жол беріледі және оларға кеңесшілер мен кәсіби менторлар қолдауын көрсететін болады.

«Startup «Bolashak» байқауының Республикалық телеарналардың бірі реалити-шоу форматында көрсететін болады.

«Болашақ» Қауымдастығының стартап жобаларының байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарының бірі ретінде Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» атты Ұлттық Жоспарды іске асыруға бағытталған.

 «Startup «Bolashak» байқауында жеңіске жетуге баршаның мүмкіндігі бар. Қатысушыларға қойылатын негізгі талап – жақсы стартап жобасы және өз бизнесін құруға деген ынта», - атап айтты «Болашақ» Қауымдастығының Кеңесінің мүшесі, «Даму» қорының Басқарма Төрағасы Қаныш Тулеушин.

Байқаудың әріптестері мен ұйымдастырушылары: «Болашақ» Қауымдастығы, «Даму» Қоры және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы.

Демеушілер: «KazInvestBank» АҚ пен «Qazaq Banki» АҚ.

Cайт: bolashak.kz

Қосымша ақпарат: 8 (7172) 707-669

 

Инфу про танки быстрее всего найти здесь, а обзоры по играм - тут