INNOVARE Swiss-Eurasian Innnovative Platform және Технологияларды Коммерцияландыру жөніндегі Кәсіпқорлар Альянсы қазақстандық инновациялық компанияларды Еуропада және швейцариялық компанияларды Қазақстанда алға жылжыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қазақстандық инновациялық кәсіпорындарды Еуропада және швейцариялық жоғары технологиялық компанияларды Қазақстанда алға жылжыту бойынша бірлескен жобаларды ұйымдастыру, технологиялар трансфері, нарықтарды кеңейту және бірлескен R&D жобаларды жүргізу бойынша әріптестер іздеу – бұлар биылғы жылдың маусымында INNOVARE швейцариялық-еуразиялық инновациялық платформа мен Астанадағы Технологияларды Коммерцияландыру жөніндегі Кәсіпқорлар Альянсының арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы шарттың кейбір мақсаттары ғана.

Соңғы жылдар ішінде Қазақстан инновациялар және жоғары технологиялы компанияларды қолдау саласында аса белсенді саясат жүргізуде. Елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін заманауи орталықтар құрылды, атап айтқанда, биохимия саласында зерттеулер жүргізу бойынша еуропалық стандарттарға толығымен сәйкес келетін Астана қаласындағы Ұлттық Биотехнология орталығы құрылды. Жаңа коворкингтер мен акселераторлардың ашылуы, инновациялық жпроцестерге белсенді қатысатын университеттер, сондай-ақ старпта-компаниялар мен үкіметтік деңгейде қабылданған инновацияларды қолдау жөніндегі тұтас шаралар жүйесі Қазақстанды өңірдегі жетекші инновациялық даму орталықтарының біріне айналдырып отыр. Егер осыған Еуразиялық өңірдің басқа елдеріне есік ашатын ірі тұтынушылық нарық болса, швейцариялық кәсіпорындар мен жоғары технологиялық компанияларға қазірдің өзінде олардың қазаө әріптестерімен байланыс орнатуы және бірлескен жобаларды ұйымдастыруы қажет. 

Бір-бірінің инновациялық жетістіктерін жақсырақ білуге мүмкіндік беретін іс-шаралардың бірі Астана қаласындағы EXPO-2017 «Болашақтың энергиясы» атты көрмедегі швейцариялық павильонның ашылуы. Онда екі тараптың да таза және энергия сақтаушы технологиялары саласындағы инновациялары мен стартаптарын көрсететін арнайы бағдарлама көзделген. 

Виктория Граф, INNOVARE платформасының ортақ құрылтайшысы «Швейцария өзінің тамаша инфрақұрылымымен, жоғары білім деңгейімен және R&D еуропалық нарықтарға шығу үшін қазақстандық компаниялардың мінсіз әріптесі бола алады» деп есептейді. INNOVARE, өз тарапынан, қол қойылған шарт Швейцарияда да, Қазақстанда да нақты жобаларды дамыту үшін база болуы үшін бар күшін салады.

Инфу про танки быстрее всего найти здесь, а обзоры по играм - тут