Альянс «Технологияларды коммерцияландыру» жобасының күллі тәжірибесін қабылдап алды. «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк арасындағы Қарыз туралы келісімнің шеңберінде іске асырылды.

Жобаның мақсаты еліміздегі ғалымдарға өз әзірлемелерін жүйелі түрде коммерцияландыру мүмкіндігі үшін қажетті жағдайлар жасауда болып отыр. Басқа сөзбен айтқанда, Жобаның алдында белгілі жобалардың ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін ел экономикасына жай ғана енгізу шеңберінен шығатын кең міндет тұрды.

Жобаның басты компоненттері мыналар болып табылды:

1. Қазақстанның ғылыми базасын нығайту;

2. Ғылымның нарықтармен байланысын қамтамасыз ету;

3. Бағдарламалық нығайту.

I. Жоба шеңберінде ғылыми базаны нығайту ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді халықаралық стандарттарға сай жүргізу үшін жетекші қазақстандық ғалымдар мен дарынды зерттеушілерді анықтау және дамуына жәрдемдесу есебінен қамтамасыз етілді.

Осы компоненттің шеңберінде бүгінгі таңда:

1) Халықаралық ғылым және коммерцияландыру кеңесі (ХҒКК) құрылды;
Аға және кіші буын ғылыми қызметкерлерінің барлық жобалары конкурстық негізде айқын іріктеу рәсімінен өтті және өз саласындағы білікті сарапшылар - қысқаша ХҒКК деп аталатын Халықаралық Ғылым және Коммерцияландыру Кеңесінің мүшелері ретінде таңдап алынды. Бұл кеңес АҚШ, Германия, Ресей, Сауд Аравиясы сияқты елдердің 5 көрнекті ғалымынан және АҚШ-тың инновациялар тұрғысынан дамыған өңірлері – Кремний алқабы және Мичиганнан технологияларды коммерцияландыру жөніндегі екі сарапшыдан тұрады.

2) Аға ғылыми қызметкерлер тобының (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер тобының (КҒҚТ) арасында Гранттар беру бағдарламасы жүргізілді;
Жобаның алғашқы компонентінің шеңберінде Жобаны басқару тобы ХҒКК мүшелерінің жұмысын толығымен сүйемелдеді, олар гранттық бағдарламаның 3 раундының 785 өтінімінің арасынан 33 технологияларды коммерцияландыру кіші жобасын іріктеп алды және соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанға әрбір жарты жыл сайын келіп тұрды.

3) Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында Халықаралық материалтану орталығы (ХМО) құрылды.
2013 жылы ХҒКК ХМО құру үшін 9 үміткердің ішінен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін іріктеп алды. 2014-2015 жылдары ЖБТ-ның тікелей әдіснамалық қолдауы кезінде ең қысқа мерзім ішінде тау-кен металлургиясы бағыты бойынша өзінің web-порталымен, сайтымен, ғылыми-танымал журналымен және ғылыми мақалалармен, жаңалықтармен, бос орындармен және оқиғалармен ғылыми алқалық алмасу үшін интернет-қоғамдастығымен зертханалық орталықтың заманауи моделі құрылды.
ХМО негізгі функциялары мыналар: - отандық және шетелдік ғалымдардың материалтану саласында web-сайт пен ақпараттық порталды пайдалану негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ұлттық зертханалар мен ұжымдық пайдалану зертханаларына барлық зерттеу жабдықтарына қолжетімділік беру; - ұлттық зертханалардың, ұжымдық пайдалану зертханаларының, зерттеу орталықтарының қызметін Алыс шетел зертханаларымен және орталықтарымен бірыңғай виртуалдандыру кеңістігінде үйлестіру.

II. Ғылымның нарықтармен байланысын қамтамасыз ету жөніндегі Жобаның екінші компоненті «Технологияларды коммерцияандыру орталығын» ЖШС (ТКО) құру арқылы орындалды. ТКО-ның негізгі міндеті ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін оларды экономиканың нақты секторына енгізу арқылы коммерцияландыру болып табылады.

ТКО қызметінің негізгі бағыттары:

1) Инновациялық гранттар бағдарламасы. ТКО гранттардың екі типі бойынша гранттық бағдарламаның екі раундын өткізді: а) тұжырымдаманы негіздеу – техникалық құжаттаманы әзірлеу және оны сертификаттау және т.б.; б) өнімнің өнеркәсіптік үлгісін әзірлеу – тәжірибелік-өнеркәсіптік немесе шағын топтамалық өндіріске шығу;

2) Компанияның технологиялық аудиті кейіннен оны одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеумен ҚР инновациялық жүйесінің ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін енгізу және коммерцияландыру құралдарды мен тетіктеріне кешенді талдамалық зерттеу жүргізеді;

3) ТКО білімдерін тарату жүйесін дамыту үшін CRDF Global сарапшыларының қолдауымен семинарлар, тренингтер, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары тұрақты жүргізіліп тұрады.

Гранттық бағдарламалардың екі раундының қорытындылары бойынша 2014 жылы гранттық комиссияның мүшелері 726 жобаның ішінен 1.4 млрд. теңге сомасына тұжырымдамаларды және өнеркәсіптік прототиптерді негіздеудің 33 жобасын іріктеп алды. 12 маман АҚШ-та University of Texas тренингтен өтті. Білімдерді күллі Қазақстанға тарату – 27 семинардың қорытындылары бойынша 881 сертификат берілді.

IIIЖобаның үшінші компоненті оны үйлестіруге, іске асыруға және жобаны басқаруға жатады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Басқару Тобымен іске асырылуда, ол Жобаны іске асырумен байланысты мәселелер бойынша барлық операциялық функцияларды жүзеге асырады. Жобаны басқару тобы Дүниежүзілік банкпен бекітілген және Жобаға Операциялық басшылықта баяндалған ережелер мен рәсімдер шеңберінде жұмыс істейді. «Технологияларды коммерцияландыру» атты жобасы жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жоба шеңберінде барлығы 65 жоба іріктеп алынды.

НӘТИЖЕЛЕР:

- 40 жоба алғашқы сатылымға шықты;

- 99 шарт жасалды;

- жобалар бойынша сатылымдар сомасы 908,6 млн. тг. құрады;

- 27,7 млн. тг. инвестиция тартылды;

- 10 лицензиялық келісім жасалды.

Осының бәріне мыналардың арқасында қол жетті:

•Ғылым және технологияларды коммерцияландыру жөніндегі жетекші халықаралық сарапшыларды тарта отырып конкурстық негізде айқын іріктеп алу;

•Зертханада зерттеулерден бастап нарыққа шығуға дейінгі барлық сатыларын жабатын жеткілікті қаржыландыру деңгейі;

•Іске асыру жоспарларын, оның ішінде сатып алу және қаржыландыру жоспарларын өзгерту мүмкіндігімен гранттарды әкімшілендірудің икемді жүйесі;

•АҚШ-та біліктілігін арттыруды алған менеджерлер тарапынан жобаларды сүйемелдеу;

•Менеджерлерге тәжірибе беру үшін Қазақстан аумағында болу шартымен халықаралық кеңесшілерді тарту.

 

Ойлау сипатын өзгерте отырып: Қазақстандағы технологияларды коммерцияландыру